448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 35 жол учаскесі жабылды

  • 425
  • UPD: 09:17, 28.02.2020
Елімізде 35 жол учаскесі жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 7 өңірінде жолдар жабылды.

Оның жалпы ұзындығы 5 мың шақырымға жуықтайды. Яғни, республикалық маңызы бар тас жолдардың 20 пайызында қозғалысқа шектеу қойылды. Әсіресе, Павлодар облысындағы жағдай күрделі. Барлық бағыт бойынша көлік қатынасы тоқтатылған. Бұған қоса, елордадан шығатын жолдар да көктайғаққа байланысты жабық. Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облысында да осындай шаралар қолға алынды. Қазір қозғалысты қалпына келтіру үшін еліміз бойынша 700-ден аса арнайы техника жұмыс жасап жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы