426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ипотекалық бағдарламалар бойынша ай сайынғы төлемдердің мерзімін ұзарту ұсынылды

  • 381
  • UPD: 13:28, 25.03.2020
Ипотекалық бағдарламалар бойынша ай сайынғы төлемдердің мерзімін ұзарту ұсынылды

Қазақстан Ұлттық Банкі коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты халықтың қаржылық жағдайын қолдау үшін Елбасының халыққа «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасын іске асыру шеңберінде жасалған «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасына, сондай-ақ «Баспана-хит» тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізді.

Бағдарламаларға толықтырулар коронавирустық инфекция пандемиясының таралуы және елде төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушылар үшін негізгі борыш және (немесе) сыйақы төлемдері бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге айыппұлдар және (немесе) өсімпұлдар есептеместен мерзімін ұзартуды көздейді.

Банктер қарыз алушыларды қолдау үшін барлық шараларды қабылдауға және олардың мәселелерін жеке-жеке шешуге тиіс. Төтенше жағдай кезеңінде қиын ахуалға тап болған қарыз алушылар банктермен бірлесіп төлемдер бойынша ақы төлеудің ыңғайлы тетігін әзірлеп шығарады. Бұл ретте аталған өзгерістер кредиттік бюроға ұсынылатын қарыз алушылардың кредиттік тарихына әсер етпейді.

«Баспана-хит» бағдарламасы бойынша қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру банктермен бірлесіп жүзеге асырылады.

Тұрғын үй бағдарламаларының қарыз алушылары ай сайынғы төлемдерінің мерзімін ұзартуды елде төтенше жағдай енгізілген күн 2020 жылғы 16 наурыздан бастап ала алады.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:

+7 (727) 2704 591 (3930)

+7 (727) 330 24 52 (1452)

+ 7 (727) 2704 596 (1596)

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz

 

Хабар 24 телеарнасы