411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жүрек проблемаларын нашарлатуы мүмкін: қауіпті қалай азайтуға болады?

  • 194
  • UPD: 11:18, 09.04.2020
Коронавирус жүрек проблемаларын нашарлатуы мүмкін: қауіпті қалай азайтуға болады? Mail.KZ

Алдын ала мәліметтер бойынша, COVID-19-ға шалдыққан пациенттердің 25%-дан 50%-ға дейін астарлас аурулары бар.

Жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік, созылмалы респираторлық аурулар және қант диабеті сияқты патологиялары бар коморбидті науқастар үшін қолайсыз нәтижелер қаупі халықтың орташа деңгейіне қарағанда едәуір жоғары.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты кардиология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Күлзида Қошумбаева популяцияда жиі кездесетін жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар ерекше қауіп тобын құрайды дейді.

«Жүрегі ауыратындар науқастар қатарына қосылмас үшін қарапайым алдын алу шаралары мен дәрігердің ұсыныстарын ұстануы керек. Бұл орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, медицина қызметкерлері тарапынан ұйғарылған карантиндік шаралардың сақталуы, яғни адамдармен байланысты айтарлықтай шектеу, үйде болу, адамдар көп жиналатын орындарға шықпау, әртүрлі көлікпен жүрмеу, немерелердің ата-әжелерімен байланысын уақытша шектеу, өйткені балалар асимптоматикалық вирус тасымалдаушылары болуы мүмкін», – дейді Күлзида Қошумбаева.

Сондай-ақ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ мамандары қоғамдық орындарға бара қалсаңыз, басқа адамдарға қатысты (1,0-1,5 метрден астам) қауіпсіз қашықтықты сақтауға, медициналық маска киіп, қол алысудан бас тартып, бетіңізге, көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға қолыңызды тигізбеңіз, қолыңызды мүмкіндігінше жиі жуып, сабын және құрамында спирт бар дезинфекциялық сұйықтықты қолдануға кеғес береді.

Дәрігерлердің барлық ұсыныстарын қатаң сақтап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді қабылдауды жалғастыру қажет.

Пандемия уақытша екенін сезініп, үрейге бой алдырмай, ақыл-парасатыңызды сақтаңыз.

Коронавирус инфекциясына шалдыққан жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттердің 90%-ы сауығып кеткенін айта кету керек.

Ыстық ванналар мен моншалар COVID-19-дан қорғамайды, керісінше, жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар үшін қауіпті болуы мүмкін. Бұл пікірді коронавирус инфекциясын алкогольмен «емдеу» әрекетіне де қатысты айтуға болады.

Кем дегенде 150 минут қозғалыс қажет: ДДСҰ карантинге байланысты кеңес берді

Қандай топтағы адамдардың денсаулығы коронавирусты көтере алмайтыны анықталды

Иммунитеті мықты адамдардың ағзасы коронавирусты өз бетінше жеңуі мүмкін – зерттеу

Коронавирус: қант диабетімен ауыратын адамға неліктен қауіп төнеді

Хабар 24 телеарнасы