418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус кезіндегі шектеулер: 1,4 млн адам туберкулез құрбаны болуы мүмкін

  • 245
  • UPD: 18:00, 06.05.2020
Коронавирус кезіндегі шектеулер: 1,4 млн адам туберкулез құрбаны болуы мүмкін

Әлемде COVID-19 таралуына қарсы жасалған шектеудің салдарынан шамамен 1,4 млн адам туберкулезден көз жұмуы мүмкін.

Stop TB Partnership және Джонс Хопкинс университеті бірлесе отырып зерттеу жүргізді. Онда коронавирус жағдайлары ең көп тіркелген елдердегі туберкулезге шалдығу жағдайы мен емделуі туралы мәліметтер негізінде зерттеулер жасалған.

Сондай-ақ 2020-2025 жылдары 6,3 млн адамда туберкулез ауруы пайда болатыны айтылды.

Өз кезегінде Stop TB Partnership компаниясының атқарушы директоры Лючица Дициу туберкулез адамзат тарихында мыңдаған жылдар бойы келе жатқанын еске салды. Сонымен қатар туберкулез вакцинасын жасап шығаруды да естен шығармау керектігін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы