420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иммунитетті көтеру үшін күнделікті тұтынатын тағамға көңіл бөлу керек – иммунолог

  • 759
Иммунитетті көтеру үшін күнделікті тұтынатын тағамға көңіл бөлу керек – иммунолог

Ағзадағы ақуыздардың маңызы зор.

Сондықтан құрамында 30-40% ақуызы бар құнарлы тағамдарды пайдаланған жөн. Еліміздің иммунологтары осындай кеңес берді. Ақуызы көп тағамдарға: тауық, сиыр, жылқы еті мен балық жатады. Осы ет түрлерінен жасалған сорпа ағзаға күш береді. Бұдан бөлек, мамандар көкөністер мен жеміс жидектерді жиі тұтынуа шақырады. Осылайша табиғи дәрумендер арқылы иммунитетті көтеруге кеңес берді. Сонымен қатар көтеріңкі көңіл күй де денсаулық үшін маңызды екенін ескертті.

Роза Сүлейменова, Астана медициналық университеті профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының доценті:

- Жылқы, сиыр, тауық, балық етінен сорпаны міндетті түрде күнде ішуіміз керек. Сонымен қатар қазір көптеген жаңғақ түрлері бар. Сол жаңғақтардың құрамында ақуыз көп. Сол себепті жаңғақ алып жеу керек. Қашықтықта жұмыс істеп жатқандықтан, біз күнімізді үйде өткізіп жатырмыз. Сол себепті өзіміздің отырған бөлмелерімізді 3-4 рет желдетуіміз керек. Ылғалды шүберекпен үйді жинап отыру керек. Қарапайым сабын сумен сүртіп шығуға да болады.

Хабар 24 телеарнасы