421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолаушылар пойызының кестесіне өзгеріс енгізіледі

  • 368
  • UPD: 17:56, 31.07.2020
Жолаушылар пойызының кестесіне өзгеріс енгізіледі

Елімізде жолаушылар пойызының жүру кестесі өзгертіледі. Бұл эпидемиологиялық жағдайға және жолаушылар санының азаюына байланысты.

9 тамыздан бастап «Нұр-Сұлтан-1 мен Достық» станциялары арасында қатынайтын №258/257 пойыз уақытша тоқтатылады. 12 тамыздан бастап «Алматы-2 - Шымкент» пойызының да қозғалысы белгілі бір мерзімге дейін шектеледі.

11-ші тамыздан «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Алматы-2» пойызы да уақытша тоқтайды. Келер айда «Алматы-2 - Шымкент» бағыттары, «Нұрлы жол - Алматы-1» және «Нұрлы жол - Арқалық» пойыздары, «Нұрлы жол - Өскемен-1», «Алматы-2 - Павлодар» бағыттарының жүру жиілігі уақытша қысқартылады. Билет құны толық көлемде қайтарылады немесе мерзімі кейінге шегеріледі. Қосымша ақпаратты «105» номерінен білуге болады.

Хабар 24 телеарнасы