426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депрессияға шалдыққан адамдарда коронавирус ауыр өтеді – ғалымдар

  • 225
  • UPD: 12:27, 18.08.2020
Депрессияға шалдыққан адамдарда коронавирус ауыр өтеді – ғалымдар

Халықаралық ғалымдар тобы психиатриялық диагноз қойылған адамдарда коронавирус ауыр түрде өтетіні туралы теорияны растады.

Зерттеу MedRxiv порталында жарияланды.

Мамандар 421 мың адамның деректерін талдады, олардың ішінде 50 815 адамның психикалық ауытқуы болған. Бұл проблемалар иммундық реакцияның өзгеруіне әкеп соғатыны және пандемия зардаптарын азайту стратегиясын қолдануға қабілетсіз ететіні анықталды.

Дәрігерлер психикалық ауытқуларды емдеуге қабылданатын дәрі-дәрмектердің иммундық жүйеге кері әсер етуі мүмкін екенін де айтуда.

Хабар 24 телеарнасы