420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

  • 337
  • UPD: 11:49, 21.08.2020
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды hqwall.net

22-24 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш күн ішінде Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын жоғары циклон анықтайтын болады, онымен бірге жаңбыр, елдің батысы мен оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Ауа температурасына келетін болсақ, күндізгі температура 20-25 дейін төмендеуі, кей жерлерде 28 жылы болады деп күтілетін батыс және оңтүстік-батыс аймақтарды қоспағанда, мұнда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Хабар 24 телеарнасы