421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар адамның ең бақытсыз жасын атады

  • 151
Ғалымдар адамның ең бақытсыз жасын атады gazeta.ru

Дартмут колледжі мен Экономикалық зерттеулер ұлттық бюросының ғалымдары адамның ең күрделі кезеңі 47-48 жас аралығында екенін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл сыртқы факторларға қатысты емес, ағзадағы биохимиялық процестер мен гормондар деңгейіне байланысты. Мамандар 132 елдің деректерін зерттеген. Олар әртүрлі жастағы адамдардан өз өміріне қанағаттану деңгейін белгілеткен. Сонда ең бақытты шақ 18-20 жас аралығында болатыны, одан соңғы әсер төменге құлдырап, 47-48 жаста адам өзін бақытсыз сезіне бастайды.

Өз кезегінде мамандар орта жастық дағдарыс биологиялық себептерге ие екенін және мұндай кезеңнің адамтектес маймылдарда да кездесетіндігін айтады. Бұған дәлел – 2012 жылы жүргізілген зерттеулер нәтижесі.

Хабар 24 телеарнасы