424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Windows өздігінен вирус жұқтыратын болды

  • 132
  • UPD: 15:41, 07.09.2020
Windows өздігінен вирус жұқтыратын болды

Microsoft операциялық жүйесінен қауіпті бағдарламаларды жүктейтін айла табылды.

Бұл туралы BleepinComputer басылымы киберқауіпсіздік сарапшысы Мұхаммед Асқарға (Mohammad Askar) сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

Маман Windows жүйесінің жаңартылған нұсқасынан компьютерде орнатылған Windows Defender («Windows қорғаушысы») арқылы қашықтан қосымшалар орнататын мүмкіндікті тауып алды. Жаңа өзгерістер бағдарламаларды MpCmdRun.exe командалық жолағы арқылы инсталляциялауға мүмкіндік береді. Мұхаммед Асқардың айтуынша, ОЖ өздігінен қауіпті бағдарламалар қондыру қасиетіне ие.

Маманның айтуынша, Windows Defender-дің жұқтырған вирусты анықтай алуы жақсы жаңалық саналады. Алайда антивирустық бағдарламаның бәрі бірдей оны анықтай бермейді.

Бұдан бұрын мамандар Microsoft-тың «Windows қорғаушысы» қондырғысын деактивациялау мүмкіндігін өшіріп тастағанын айтқан болатын. Соған қарамастан, бағдарлама вируспен күресетін басқа да қосымшалардың жұмысына кедергі келтірмейді.

Хабар 24 телеарнасы