432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазан айының басында оңтүстік өңірлерде үсік жүреді

  • 225
  • UPD: 12:11, 28.09.2020
Қазан айының басында оңтүстік өңірлерде үсік жүреді

29 қыркүйек пен 1 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазан айының басында Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүреді деп болжануда.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс антициклон анықтайды. Оның келуімен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне ғана циклон жырасы әсер етеді, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, қиыр оңтүстікте кезең соңында үсік жүруі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы