425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кокос майы COVID-19-ды жоюға көмектеседі – ғалымдар

  • 249
  • UPD: 09:44, 20.10.2020
Кокос майы COVID-19-ды жоюға көмектеседі – ғалымдар

Филиппиннің Денсаулық сақтау саласындағы зерттеу кеңесінің ғалымдары тәжірибе жүргізіп, кокос майының коронавирустан емдеуде тиімді екенін анықтады.

Таза кокос майы вирусты жойып қана қоймай, аурумен күресу үшін иммундық жүйені белсенді етеді. Бұл туралы International Business Times хабарлады.

Кокос майының молекулалары аурудың жеңіл түрімен ауыратын науқастардың қанындағы вирус деңгейін 60-90% төмендетуі мүмкін. Тәжірибе 56 адамның қатысуымен өткізілді. Олардың ешқайсысында ауру ауыр түрде өткен жоқ.

Осындай тәжірибе Филиппиннің тағы бір ауруханасында жүргізілуде. Бұл жолы мамандар коронавирустың ауыр түрін жұқтырған науқастармен жұмыс істеуде.

Хабар 24 телеарнасы