423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 265
  • UPD: 09:55, 30.10.2020
Қазақстанның 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет мамандары елдің 8 өңірінде дауыл болатынын ескертті.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жел тұрып, соңы дауылға ұласуы мүмкін. Жел екпінінің күші кей жерлерде секундына 20 метр жылдамдықпен еседі. Ал Павлодар облысында көк тайғақ болады. Түркістан, Атырау, Маңғыстау өңірінде жел екпіні күшейсе, Қарағанды облысында қою тұман түсуі ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы