422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Apple өзінің процессорын жасап шығарды

  • 119
  • UPD: 17:30, 11.11.2020
Apple өзінің процессорын жасап шығарды yamobi.ru

Америкалық Apple компаниясы тұтынушылар назарына өзінің чипінен құралған компьютерді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«М-1» деп аталған процессор 8 ядродан тұрады. Бірлестіктің мәлімдеуінше, ол өзге процессорлардан жылдамырақ әрі энергияны екі есе аз жұмсайды. Ол секундына 11 трлн операция жасауға қауқарлы.

Сарапшылар бұл компанияның шығындарын азайтуға мүмкіндік беретінін айтады. Apple өзінің процессорынан құралған ноутбуктарды шығару туралы жоспары барын маусым айында хабарлаған. Осы уақытқа дейін бірлестік өз өнімдеріне Intel компаниясының чиптерін қолданып келген еді.

Патрик Мурхед, Moor Insights & Strategy компаниясының басшысы:

– Менің ойымша, инвестор ретінде алдымен шығынның азаюына көңіл аудару керек. Apple өзінің процессорлары арқылы енді материалдық шығындарын 150-200 долларға дейін қысқарта алады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы