420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 18 градусқа дейін аяз болады

  • 234
  • UPD: 12:33, 13.11.2020
Қазақстанда 18 градусқа дейін аяз болады Pinterest

Қазгидромет 14-16 қарашадағы ауа райы болжамын жариялады.

Орталығы Екатеринбургте орналасқан ылғалды циклон Қазақстанның көп бөлігінің ауа райын анықтайды. Жауын-шашын, кей жерлерде қатты, көбінесе қар түрінде жауады, жел күшейеді, солтүстік жартысында бұрқасын болады. Еліміздің батыс аймақтарына циклонның артына суық солтүстік-батыс антициклонның жылжуымен 15 қарашадан бастап жауын-шашынның тоқтауы болжанады.

Түнгі уақыттарда еліміздің басым бөлігінде 10-18 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында 2-13 аязға дейін ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы