Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
«Республиканың басым бөлігіне аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын Моңғол антициклоны өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста, оңтүстік циклон шұңқырының әсерінен қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел күшейеді», - делінген хабарламада.