Әлемдегі кинематографтар туралы ең ірі мәліметтер базасы Internet Movie Database (IMDb) 2020 жылы ең көп қаралған сериалдарды атады.
Рейтингте қыркүйек айының басында рекорд жаңартқан «Жігіттер» («Пацаны») сериялы көш бастады. Одан кейінгі орында алты апта қатарынан IMDb рейтингінің көшін бастаған «Қағаз үй» («Бумажный дом») сериалы тұр.
Үшінші орынға «Қараңғылық» («Тьма») сериялы жайғасты. Үздік бестікті «Озарк» және «Мандалорец» сериалдары қорытындылады.
Деректі сериалдар арасында «Жолбарыстар патшасы: кісі өлтіру, хаос және жындылық» туындысы көш бастады.