382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті елдер тізімінде 4 сатыға жоғарылады

  • 350
  • UPD: 11:52, 30.05.2019

Отандық өнімдердің қаптамасын жасауға мемлекет көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Қазақстанда өнеркәсіптік дизайн мен қаптамалық шешімдер орталығы ашылады. Мәселен, жоғары сапалы қаптама миллион теңгеге бағаланса, мемлекет оның 800 мың теңгесін өтейді. Қалған 200 мың теңгені кәсіпкердің өзі төлейді.

«Целлюлоза қағаз өнеркәсібі және қаптама индустриясын дамыту» форумында «Қазақстан қаптаушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Батырбек Әубәкіров бірқатар ұсыныс айтты. Мәселен, кез келген кәсіпкер өз тауарын Қытайға, Ресейге, Өзбекстанға экспорттағысы келсе, сол өңірлерге тән қаптама жасау жағын ескеруі керек. «Бұл жергілікті тұтынушылар нарығында таптырмас айла тәсіл», – дейді маман. Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталған сұрақ бойынша Үкіметмен кеңесу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Елде қағаз өндіретін жаңа кәсіпорын ашылуы мүмкін. Бұл туралы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Байытов хабарлады. Оның айтуынша, 2015-2018 жылдары қағаз бен қағаз өнімдері өндірісі айтарлықтай артқан және алдағы жылдары қарқын үдей түспек. Өндіріс көлемі 45 млрд теңгеден 58 млрд теңгеге дейін өскен. Мәселен, 2019 жылдың алғашқы төрт айында қағаз өндіру көлемі 21 млрд теңгені құрады.

Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер қатарынан көрінді

Швейцарияның Лозанна қаласындағы Халықаралық менеджментті дамыту институтының әлемдік бәсекеге қабілетті зерттеу орталығы 2019 жылғы рейтингін жариялады. Орталық ұсынған мәліметке сай, еліміз биылғы рейтингте 4 сатыға жоғарылап 34-орыннан көрінді. Қызығы сол, Қазақстаннан кейін тұрған 29 елдің ішінде Италия, Испания, Түркия және Ресей де бар. Көшті Сингапур бастап тұр, екінші орында – Гонконг, үшінші – АҚШ, төртінші сатыда – Швейцария, бесінші орынға Біріккен Араб Әмірліктері жайғасқан. Ал көш соңын Бразилия, Хорватия, Аргентина, Моңғолия және Венесуэла түйіндеп тұр. ТМД елдері ішінде Ресей 45, Украина 54-орынға тұрақтады. Биыл зерттеулер 63 мемлекетте жүргізілген болатын. Еске сала кетейік, өткен жылы еліміз бұл тізімде 38-орыннан көрінген болатын. IМD рейтингі бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау үшін әлем елдерінің экономикалық даму деңгейін, үкімет пен бизнес тиімділігін және инфрақұрылымдық даму көрсеткіштерін басшылыққа алады.

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 15 центке өсіп, 70 доллар 16 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 51 центке қымбаттап, бір баррелінің құны 59 доллар 14 центке дейін жоғарылады.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 381 теңге 69 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 382-383 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы