387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан-Токио бағытындағы әуе рейстерімен жолаушы аз ұшады

  • 351
  • UPD: 11:17, 30.08.2019

Нұр-Сұлтан - Токио бағытындағы ұшақтар жартылай бос ұшады. 237 адамға шақталған Boeing 757 әуе көлігінің қызметін ең көбі 36 адам пайдаланады. 1,5 айда жасалған 14 рейсте 501 жолаушы ғана тасымалданған. Бұл ұшақ әуедегі сапарын 6 шілдеде бастаған болатын.

Ол елордамыздан аттанып, Нарита әуежайына қонады. Ал жаңа бағыт еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған. Әзірге Нұр-Сұлтан - Токио бағытын субсидиялауға 1 млрд 450 млн теңге бөлінді. Сенаторлардың мұндай ұсынысын қолдаған министрлік 2022 жылға дейін 3 млрд 700 млн теңге бөлуге өтініш білдірді. Республикалық бюджеттік комиссия оның 2,9 млрд теңгесін құптады. 

Әлемдік нарықты жасанды алтындар жаулап жатыр. Зерттеуге сай, соңғы 3 жылда жалған бағалы тасты өндірушілер көбейіп кеткен. Бүгінге дейін құны 50 млн доллар болатын 1 тоннаға жуық контрафактілік алтын құймасы табылған. Бұл мақсатқа ірі швейцариялық компаниялардың жалған мөрлерін пайдаланылған. Швейцариялық зауыт басшысы  Майкл Мезариктің айтуынша, жасанды құймалар өте кәсіби жасалынған. Танымал кәсіпорындардың жалған мөрлері бар мұндай құймалар заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру және алтынды заңсыз сату үшін шығарылып келді. Жалпы жарты жылда әлемнің орталық банктері алтын қорын 374 тоннаға арттырған. Сарапшылар алдағы уақытта банктер жылына 650 тоннаға дейін таза алтын сатып алады. Сарапшылар әсіресе Қазақстан, Ресей, Қытай мен Түркияның бағалы тасты көптеп алуға мүдделі екенін айтып отыр. Бұған айналадағы геосаяси ахуал мен сауда дауының өршуі себеп. Қазір Қытайдың қор жинау белсенділігі айтарлықтай. 

Армениялық студенттер оқу ақысын табыс салығы арқылы төлейтін болады. Жобаның парламент қарауына жіберілгені жайлы депутат  Мхитар Айрапетян хабарлады. Бастысы, білімгер жұмыс істеуі керек. Мұндай шешімді ғылым, білім, мәдениет, диаспоралар, жастар және спорт жөніндегі комиссия шығарған. Заң жобасы биыл қабылданғанымен, 2020-2021 оқу жылында күшіне енеді. Бұған дейін елдегі студенттерге оқу ақысын ай сайын төлеп тұруға рұқсат етілген. Заңға түзетулердің енгізілуіне келіп түскен 400-ден аса арыз түрткі болды.  Аталған елде жоғары білім алудың жылдық ақысы бір мың доллардан басталады. Осы ретте Дүниежүзілік банктің болжамына сүйенсем, биыл елдегі жұмыссыздық 18% асып, кедейлік деңгейі 38% жетуі ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы