389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құрылыс компаниялары банктен несие алуды азайтты

  • 403
  • UPD: 12:23, 20.09.2019

Биыл қазақстандық құрылыс компаниялары 239 млрд теңге несие алған. Көмек қарыз 676 млрд теңгені құрады. Бұл 2007 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Салада қарызды кешіктіру үрдісі де дендеп тұр. Жиыны 17,5 процентті құраған. Бұл өз кезегінде мамандарды алаңдатар жағдай болғаны даусыз. Дегенмен, елдегі құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды көрсеткіштерге қол жеткізген құрылыс саласын одан әрі дамытуды тапсырды. Биыл саланың өсу қарқыны 12 пайыз шамасында.

Қазақстанда телекоммуникация нарығы өсіп келеді. Жарты жылдағы кіріс 8 процентке жетті. Бұл 500 млрд теңгеден асады. Ал былтырғы жалпы кіріс 700 млрд теңгені құраған. Оның дені интернеттен түскен пайда. Мамандар бүкіл әлемдегі көрсеткіштің ұлғайып келе жатқанын айтуда. IDC компаниясы өткен жылы әлемдегі байланыс және ақылы телекөрсетілімдер шығыны 1,5 млрд доллардан артқанын жеткізді. Әсіресе ұялы байланысқа сұраныс жоғары. Айтпақшы, Солтүстік және Оңтүстік Америкада осы байланыс түрінен түскен түсім былтыр 616 млрд долларды құраған. 

2025 жылға дейін Үндістан Қытай мен АҚШ-тан кейінгі 3-нші ел болады. Бүгінде  мемлекет әлемдегі ең ірі алты экономиканың қатарында. ЖІӨ үлесі 2,69 трлн доллар. Үндістан экономикасының өзегі туризм. Көрсеткішті еселеуге ниетті мемлекет Қазақстанда өтіп жатқан ПАТА ТРЕВЭЛ МАРТ көрмесіне 10-нан туристік операторын жіберген. Көпшілікті Раджастан штаты қызықтырып отыр. Туристер шөлдегі сафари мен бірегей фаунаны көруге асығатын көрінеді. Айта кетейін, соңғы жылдары туризм, емдеу, жеке істер желісі бойынша, іскерлік және оқу мақсатында Қазақстаннан Үндістанға, үнді елінен қазақ даласына келетіндер саны артып келеді. 

Срейя Гуха, туризм департаментінің бас хатшысы /Раджастан/:

- Раджастанның тарихы мен мәдениеті айрықша. Туристер мінәжат орындарын, көлдерімізді көруге келеді. Шөлді штат болса да, көрсетеріміз көп. Өкінішке қарай, қазақстандықтар аз келеді. Бірақ осы көрме арқылы біз мүмкіндіктерімізді ұсынып жатырмыз. Келем деушілерге құшағымыз ашық. 

Apple компаниясы Қытайдағы үздік брендтер қатарынан шығуы мүмкін. Жылдық есепте ұйым 24 орыннан көрінді. Осыдан 2 жыл бұрын 5 орында тұрған кәсіпорын былтыр 11 тұғырдан бірақ көрінген.  Себебі қытайлар отандық өнімдерді тұтына бастады. Қазір Alipay төлем жүйесі мен  Huawei компаниясы көш басында. Бүгінде Бейжің 5G жылдамдықты енгізу бойынша үздік мемлекет болуға талпынып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, америкалық компания өнімі бұл ретте қалыс қалуда.

 

Хабар 24 телеарнасы