389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл құны 15 мың теңгеден төмен жарты миллионнан астам ұшақ билеті сатылады

  • 307
  • UPD: 10:46, 23.09.2019

Биыл құны 15 мың теңгеден төмен 520 000 әуе билеті сатылады. Келесі жылы оның көлемі 5 есе артады. Осылайша Fly Arystan әуе компаниясының әлеуеті артып келеді. 2020 жылы мұндағы 2 ұшақ тағы 10 заманауи әуе лайнерімен толығады. 

Азаматтық ұшақтарды шығарумен айналысатын «Эйрбас» өнімі Қазақстанға әкелінеді. Германияның Гамбург қаласында өндірілген алып ұшақты «Эйр Астана» әуе компаниясы лизингке алған. «Эйрбас 321 LR» деп аталатын ұшақ қашыққа қатынауға лайықталған. Компания президенті Питер Фостердің айтуынша, жолаушыларға арналған салон аса ыңғайлы. Жаңа ұшақпен Алматыдан Парижге тікелей қатынауға болады. Сондай-ақ, Сингапур, Мумбай, т.б. бағыттар ашылады деп күтілуде. Алдағы уақытта еліміздің бас әуетасымалдаушысы туризмді дамытуға үлес қосатын болады. 

Питер Фостер, «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті:

- «Қазақ туризммен» серіктестік жөнінде келісімге қол қойдық. Халықаралық тәжірибеде мұндай шешімдер оң нәтижесін берген. Отанымыз керемет қой. Бірақ туристер саны көп емес. Бұл ғажапты көпшілік көру керек. Ортақ жұмыс елдегі туризмді дамытады деп сенемін. 

Туризм демекші, келешекте Қазақстанға келетін туристердің саны қосымша 300 мыңға артады. Бұған жыл соңында елімізге енгізілетін Tax free, яғни салық сомасын қайтару жүйесі түрткі болады. Пилоттық жоба Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде іске қосылмақ. 2025 жылға қарай Tax free жүйесі ел экономикасына 200 млрд теңгеге жуық қаражат түсіреді. Жоспар бойынша жоба 2022 жылы өз жұмысын бастау керек еді. Алайда «Kazakh Tourism» компаниясы мәдениет және спорт министрлігіне жаңашылдықты биыл қолданып көруді ұсынған. Ұсыныс құпталды да. Себебі, бүкіләлемде шопинг туризм сұранысқа ие. 

Отандық ірі мұнай компаниясы ресейлік әріптестерімен бірігіп, Қазақстандағы мұнай қойнауын зерттемек. Олар кей аумақтардағы көмірсутек қорын бағамдайтын болады. Жалпы келер жылы елімізде 90 млн тонна мұнай өндіріледі. 2024 жылы 100 млн-ға жеткізу жоспарланған. Бүгінде Қазақстанда 172 мұнай орны бар, тағы 80-і қазба жұмыстарына дайындалуда. Елімізде әлемдегі мұнай қорының 3 пайызы шоғырланған. Қор жөнінен Қазақстан 15 елдің бірі. Ірі кен орындары Қашаған, Теңіз, Қарашығанақта жиыны 10 млрд тоннаға жуық өнім өндірілуі керек. Жалпы биылға мұнай игеру жоспары 101 процентке орындалды.

Хабар 24 телеарнасы