Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем банктері жасанды интеллект арқылы 450 млрд АҚШ долларын үнемдемек

  • 207
  • UPD: 10:49, 09.10.2019

2023 жылға дейін әлем банктері 450 миллиард АҚШ долларын үнемдемек.

Бұл туралы Business Insider Intelligence сарапшылары мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыншама соманы қаржы ұйымдары қалай үнемдейді?

Банктер өз қаржысын банк жүйесіне жасанды интеллект енгізу арқылы үнемдейміз деп жоспарлап отыр.

Банк операцияларына жасанды интеллект енгізу қаржы орталықтарының шығынын азайтады. Business Insider Intelligence сарапшыларының есебінше, 2023 жылға дейін тың технологияларды қолдану арқылы банктер 450 миллиард АҚШ долларын үнемдейді. Табыстың артатынын қаржыгерлер жақсы түсінеді. Қазірдің өзінде айналымы 100 миллиард доллардан асатын банктер компьютер білгірлерімен кеңес өткізіп, қаржы жүйесін тың технологиялармен жарақтауға кіріскен. Алайда қаржы жүйесіне жасанды технологияның енуі жұмыс орнының қысқаруына әкеледі. Мәселен биыл жыл соңына дейін банктер 60 мың жұмыс орнын қысқартады

 

Гонконг экономикасы $356 млн шығынға батты

Гонконг экономикасы кейін кетті. Оған елдегі тұрақсыздық себеп. Соңғы алты күннің өзінде шаһар қазынасы  356 миллион АҚШ долларына тең пайдадан қағылған. Сарапшылардың есебінше, үш апта ішінде бөлшек сауда, мейрамхана, қоғамдық көлік қатынасы мен қонақ үйлерге келген шығын 1,9 миллиард Гонконг долларынан асады. Ереуілдер кесірінен темір жол компаниясы 500 миллион Гонконг доллары көлемінде шығынға батты. Сондай-ақ қазан айының бірі мен алтысы аралығында шаһарға келетін туристер қатары 53%-ке кеміді. Бұл жергілікті кәсіпкерлер 3 миллиард Гонгонг долларынан қағылғанын көрсетеді.

 

Қазақстан мен Германия $700 млн жобасын жүзеге асырады

Қазақстан мен Германия арасындағы іскерлік қатынас артады. Қос мемлекет алдағы уақытта 700 миллион АҚШ долларының инвестициялық жобасын жүзеге асыруға ниетті. Тиісті келісімге желтоқсан айында қол қойылады. Бұл туралы Қазақстан – Германия бизнес-форумында жарияланды. Неміс елінің статистикалық мәліметтеріне қарағанда, 2018 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналым 5,1 миллиард еуроны құраған. Ал биылғы алты айда 2,7 миллиард еуроға жетті. Бүгінде елімізде германиялық кәсіпкерлердің қатысуымен 900 компания жұмыс істейді. Осының арқасында Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы ең сенімді серіктесіне айналды. Бүгінде бұл елдің Орталық Азиямен жасайтын саудасының 80%-і Қазақстанның үлесінде.

Роман Скляр, Премьер-министрдің орынбасары:

- Ел экономикасының шикізатқа тәуелділігін азайту мақсатында Қазақстан отандық экономиканы жан-жақты дамытуға бет бұрды. Осы мақсатта индустриялды-инновациялық аймақтар құрды. Қазақстандық кәсіпкерлердің тың технологияны жетік меңгерген неміс іскерлерімен ынтымақтастық орнатқаны маңызды. Әсіресе, цифрлық технология арқылы жасалатын кәсіп көздерін ашу керек.

Түркістан облысында кеспе шығаратын кәсіпорынды қайта жаңғыртуға 6 миллиард теңге жұмсалады. Биылдың өзінде 1,1 миллиард теңге инвестиция құйылып, нысанға жөндеу жүргізілді. Қажетті құрылғылар жеткізілген. Қарашада алғашқы кезең іске қосылмақ. Жоспар бойынша кәсіпорын жылдам пісетін кеспенің 10 түрін шығарады. Жылына 1,1 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Кәсіпорынды сингапурлық инвесторлар қаржыландырған. Ол толық қуатта іске қосылғанда 120 адамды жұмыспен қамтиды. Сондай-ақ алғашқы кезеңде өнімнің 50%-і экспортталады. Кейін 80%-ке жеткізу жоспарланған. Дайын өнім негізінен Өзбекстан, Қырғызстан Республикасы мен Тәжікстан және Ресей нарығына экспортталады.

 

Елорданы газбен қамтуға 45 млрд теңге қажет

Елорданы газбен қамтуға 45 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы шаһар басшысы Алтай Көлгінов мәлімдеді. Оның айтуынша, қаланы көгілдір отынға қосудың алғашқы кезеңінде жалпы ұзындығы 486 шақырым болатын тоғыз газ тарату кешені іске қосылады. Бүгінде жылу электр станциялары мен Көктал-1, Көктал- 2 тұрғын алаптарына газ құбырын тарту жұмыстары басталды. Жалпы қаланы газбен қамту елорда ауасына бөлінетін улы газдың үлесін жылыгна 40 мың тоннаға азайтады.

Енді Қазақстан қор биржасындағы доллар бағамына тоқталайық. Еліміздің ұлттық банкі ресми түрде АҚШ-тың бір долларын 389 теңге 38 тиынға бағалады.

Хабар 24 телеарнасы