445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өңірлерде ет бағасы қанша?

  • 382
  • UPD: 10:56, 12.02.2020

Халықтың нақты табысын арттыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Бұл туралы кеше Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты.

Оның атап өтуінше, қаңтарда негізгі көрсеткіштер бойынша Атырау, Түркістан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының даму қарқыны жақсы.

«Экономика орнықты және сапалы өсуі үшін әр өңірдің үлесі маңызды. Мемлекеттік органдар мен өңірлердің басшылары инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, еңбек өнімділігі мен халықтың нақты табысын арттыру бойынша жұмысты күшейту қажет», – деді Асқар Мамин

2020 жылдың қаңтарында жергілікті бюджет кірістері 75 млрд теңгеге артық орындалды. Бұл туралы кеше Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. Бірінші вице-премьер бұған орта және шағын бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығының жергілікті бюджеттерге түсуі де әсер етіп отырғанын айтты. «Есепті кезеңде бұл салық бойынша 217 млрд теңге түсті», – деді Әлихан Смайылов.

Арқалықта мал бордақылау кешені салынады

Қостанай облысының Арқалық қаласында мал шаруашылығы кешенінің құрылысы басталды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық қоғамдық кеңес алдында есеп беру жиынында айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат. Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы Индустриялық аймақтың жұмысымен таныстырды. Мұнда қазір ресейлік инвесторлар арқылы теміржол вагондарының құйма өндірісін орналастыру мәселесі пысықталып жатыр. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешені саласында жергілікті компания жыл сайын 600 мың тонна астық өңдеу қуаттылығымен ауыл шаруашылығы дақылдарын тереңдете өңдеу жобасын іске асыруда. Индустриялық аймақта «КамАЗ» арнайы техникасының бөлшектері шығарылады. Өнеркәсіптік кооперация шеңберінде бұл жобаға 100 млрд теңгеден қаржы құйылмақ.

Нарықтағы баға

Енді өңірлердегі ет бағасын шолып өтсек. Ең арзан баға Орал мен Петропавлда. Тауар құны аймақтық тілшілердің ақпаратына негізделген.

Қостанайда сиыр етінің келісі  1800 теңгеден басталады. Петропавлда 1600 бен 2200 тг аралығында. Көкшетауда  1800 тг болса, Ақтөбеде  2200 теңгеге дейін барады. Қызылордада 1800 тг, ал Түркістанда 1900 теңгеден басталады. Шымкентте 2000 тг. Ақтауда 1900 теңгеден басталады. Атырауда 1700 бен 2200 теңге аралығында. Оралда 1600-2500 тг шамасында. Семей мен Өскеменде 1900 бен 2200 тг аралығында болса, Талдықорғанда 1800-2000 тг. Ал Қарағандыда - 2400 теңгеге дейін барады.

 

Хабар 24 телеарнасы