424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жаңа көлік сатып алу азайды

  • 433
  • UPD: 10:08, 11.08.2020
Қазақстанда жаңа көлік сатып алу азайды

Елімізде жаңа көліктерді тіркеу деңгейі төмендеген. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» одағы хабарлады.

Ресми деректерге сәйкес, биыл шілде айының қорытындысы бойынша 101 мың көлік есепке қойылған. Бұл өткен жылға қарағанда 17%-ке аз. Есепке алынған көліктердің 89 мыңнан астамы сату нәтижесінде қайта тіркелген. Жалпы биылғы жылдың жеті айында қайта тіркелген көліктердің 67%-нің зауыттан шыққанына 10 жылдан асқан. Пайдаланылғанына 20 жыл болған темір тұлпарлар да көлік нарығының үлкен бөлігін алады.

Айта кетейік, темір тұлпарларды қайталама тіркеу бойынша Алматы облысы, Алматы қаласы және Түркістан облысы көш бастап тұр.

Өткен жылы қазақстандық компаниялар 38 миллиард теңгеге жиһаз дайындады. Отандық өндірістің жалпы нарықтағы үлесі шамамен 25%-ті құрады. Алайда биыл мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу екіталай. Бұл туралы Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Қанат Ибраев хабарлады. Бұған дейін барлық өндіріс көлемінің шамамен 20% -і мемлекеттік құрылымдардың тапсырыстарына сай келген. Ал биыл мамыр айында елімізде бюджетті оңтайландыру аясында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін кеңсе жиһазын сатып алуға мораторий енгізілді. Қауымдастық басшысының сөзіне сүйенсек, осының салдарынан саладағы үш жүзге жуық компания зардап шегіп отыр. Онда төрт жарым мыңнан астам адам еңбек етеді. Қарапайым тұтынушылардың тапсырыстарына келетін болсақ, мұнда жағдай жақсы. Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін жиһазға сұраныс артқан. Алайда мұнда да өндірушілер фурнитураны шетелден жеткізгенде әкімшілік кедергілерге тап болатын көрінеді. Қазір жиһаз компанияларының жүктері кедендегі қызыл, сары дәліздерге түседі. Ал бұрын олар жасыл дәліз арқылы өтіп тұрған. Қанат Ибраевтың айтуынша, жүктің шекарада кідіруінен кәсіпсерлер шығынға батады. Сонымен қатар бұл өндіріс процесінде де кері әсер етеді.

Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, биыл бірінші жартыжылдықта күріш өндірісі 81,2%-ке өскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салытырғанда шамамен екі есе көп. Ал дәнді-дақылдың құны қандай? 

Қызылорда өңірінде күріштің келісі 250 теңге. Ең арзан күріш Қостанайда Ақмаржан сортының бір келісі 245 теңге. Ал Шымкентте дән-дақылдың бағасы 300 теңге. Атырау дүкендерінде де күріштің бағасы осы шамада. Ақтауда бір килограмм күріш 315 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласында ең жоғары баға тіркелді. Ақмаржан сортының келісі 355 теңге тұрады.

Осы апта әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуінен басталды. WTI маркасының қыркүйек фьючерстері кешегі сауда қорытындысы бойынша барреліне 41 доллар 88 центті құрады. Өсім бір жарым проценттен жоғары. Ал Brent баррелі бір проценттен астам қымбаттады. Фьючерстер 44 доллар 84 центке жетті. Айта кету керек, қара алтын құны Сауд Арабиясы өкілдерінің мәлімдемесінен кейін көтерілді.

Saudi Aramco компаниясы басшысының Амин Нассердің айтуынша, Азиядағы мұнайға деген сұраныс дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта жетті. Сондай-ақ ол жыл соңына дейін әлемдік нарықтағы жағдай жақсарады деп болжайды.

Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 418 теңге 31 тиын, еуро 491 теңге 93 тиын, рубль 5 теңге 68 тиын.

Хабар 24 телеарнасы