365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алакөл жағасында 200-ге жуық демалыс нысаны жұмыс істеп тұр

  • 264
  • UPD: 22:21, 11.07.2018
Алакөл жағасында 200-ге жуық демалыс нысаны жұмыс істеп тұр

Биыл Алакөлге шетелден туристер нөпірі ағылатын түрі бар.

Жыл басынан бері Жетісудың маржаны саналатын айдынға 300 мыңнан астам демалушылар келіп-кеткен. Алматы мен Астанадан қатынайтын әуе бағыттарын пайдаланушылар қарасы көбейген. Мыңнан астам саяхаттаушы әуе жолын таңдапты. Ал теміржолмен 15 мың жолаушы тасымалданған. Қазір көл жағасында 200-дей демалыс нысаны жұмыс істеп тұр. Меймандардың алаңсыз тынығуына қажетті жаңа вокзал, аурухана салынып, инфрақұрылым толық тартылған. Жылына шамамен 20 шақты туристік нысандар ашылады.

Светлана Евсеева, турист:

– Алакөлді Байкалмен салыстырып көрсек, әрине бізге осы жер жайлы. Өйткені суы жылы, қауіпсіз әрі денсаулыққа пайдасы зор. Тіпті жер бетінде Алакөлдей пайдалы су айдыны жоқ дер едім.

Тақауда Көктұма және Ақшы ауылдарының тұсындағы көлдің 12 шақырымдық бөгетін нығайту жұмыстары басталады. Оған мемлекет тарапынан 2 миллиард теңге қаражат жұмсалмақ.

Осы категория бойынша: « Каспийдің жағалауындағы жартастар туристік нысанға айналады Әзербайжан Қазақстанмен туристік саладағы серіктестікті нығайта түспек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы