360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында мақта теру науқаны басталды

  • 266
Түркістан облысында мақта теру науқаны басталды

Елімізде тек Түркістан облысында ғана өсірілетін мақтаның алғашқы қол терім жұмыстары басталды.

Жетісай ауданы, Ералиев ауылдық округіндегі шаруа қожалығы биыл 4.5 гектар алқапта мақта еккен. Қазір алқап басында 50-ден астам адам мақта теріп жатыр. Әр келісіне 30 теңгеден ақша төленеді.

Биыл «ақ алтын» саналатын мақтаның түсімі жақсы, бағасы да жоғары. Ауа райы да қарайласып тұр. «Су мол болды, мақта бітік шықты. Құртқа қарсы күресіп, аман алып қалдық», – дейді диқандар. Жаңа технология саналатын тереңдетіп қопсыту әдісін қолданған. Сондықтан қазір мақталы алқаптың әр гектарынан 25-30 центнерден өнім жиналып жатыр. Жалпы биыл Түркістан облысында 331 мың тоннадан астам мақта жиналау жоспарланып отыр.

Базаркүл Жылқыбаева, Ералиев ауылдық округінің тұрғыны:

– Бос отырған келіншектерге мақта басталғаны жақсы болды. Күнделікті нәпақасын тауып отыр. Алды 120-дан, кем дегенде 50 келіден мақта тереді.

Лес Шодырбаев, шаруашылық басшысы:

– Мен өзім Мырзакент мақта пунктіне өткіземін. Сол жерге келісімшартқа отырғанмын. Қаржылай көмек берген олар келісін 200 теңгеден аламыз деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы