360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдауда көлеңкелі экономикамен күрес мәселесіне басымдық берілген

  • 180
  • UPD: 12:18, 08.10.2018

Елбасы биылғы Жолдауында көлеңкелі экономикамен күрес мәселесіне үлкен көңіл бөлген, деп хабарлайды «Хабар24».

Оның сөзінше, салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелер интеграциясының аяқталуы әкімшілендірудің ашықтығын арттырады.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырамын. Сондай-ақ негізгі міндеті көлеңкелі экономикамен күрес болуға тиіс Қаржы мониторингі комитетіне функцияларын бере отырып, экономикалық тергеу қызметін қайта құру қажет.

Хабар 24 телеарнасы