360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 24,3 пайызға өсті

  • 93
Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 24,3 пайызға өсті

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 24,3 пайызға өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экспорт және импорт көлемі де артып отыр. «KazakhExport»компаниясының мәліметінше, былтыр экспорт көлемі 40 млрд 87 млн теңгені құрады. Ал биылғы жылдың сегіз айында 30 млрд 788 млн теңгеге жетті. Мұнай және мұнай өнімдері жоғары сұранысқа ие тауарлар тізімін бастап тұр. Одан кейін тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары. Үшінші орында – ферроқорытпа. Сонымен қатар отандық газға деген сұраныс та жоғары. Газдың 35,5 пайызы Ресейге жіберіледі. Жыл басынан бері Қазақстан шетелге 10 мың тоннадан астам ет өнімдерін шығарғанын да айта кетейік.

Хабар 24 телеарнасы