384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бизнестің жол картасы». БҚО-да құны 1 млрд теңгеден асатын 116 жоба қолдау тапқан

  • 728
«Бизнестің жол картасы». БҚО-да құны 1 млрд теңгеден асатын 116 жоба қолдау тапқан

Ақжайық өңірінде «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері 700-ден астам өндіріс ошағына 90 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған бағдарлама 2025 жылға дейін ұзартылып, кәсіпкерлікті қолдауға қосымша 30 миллиард теңге бағытталмақ. Айта кету керек, өңірде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы да қарқын ала бастаған. Небәрі 6 пайызбен берілетін несиенің көмегімен логистика және өнеркәсіп өндірісі саласында көптеген стартап жоба іске асырыла бастады. Нақты мысал келтірер болсақ, былтырдан бері аймақта құны 1 миллиард теңгеден асатын 116 жоба қолдау тапқан.

Нұржан Қалишанов, «Даму» қоры филиалының директоры:

– Жүзеге асырылып жатқан жаңа бағдарламалардың бірі – бұл БҰҰ-ның даму бағдарламасымен бірлескен бағдарлама. Ол энерго үнемдегіш жобалар бойынша қолдау көрсету. Ең басты шарттары, алынған несиенің пайыздық үстемақысы мемлекет тарапынан субсидияланады. Несиенің максималдық ставкасы – 19 пайыз, оның 10 пайызына «Даму» қорынан субсидия бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы