375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау портынан екі айда 170 мың тонна астық экспортталған

  • 122
  • UPD: 18:26, 11.03.2019
Ақтау портынан екі айда 170 мың тонна астық экспортталған

Биыл екі айда Ақтау теңіз портындағы астық терминалынан 170 мың тонна бидай экспортталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өткен жылдағы осы уақытпен салыстырғанда үш есеге көп. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында өсірілген астық бүгінде Иран мен Әзербайжанда үлкен сұранысқа ие. Терминал басшылары наурыз бен сәуір айларына жасалған келісімшарттардың арқасында жарты жылдық жоспарды 4 айда орындаймыз деп отыр. Былтыр Ақтау порты арқылы Иранға 818 мың тонна бидай тасымалданып, рекордтық көрсеткішке ие болған еді. Көрші мұсылман елі қазақ астығын жылдағыдан 300 мың тонна артық сатып алған.

Рафаиль Галямов, «Ақ бидай» терминалының басқарма төрағасы:

– Жаңа жыл табысты басталды. Биыл дәнді-дақылдардың ішінде әсіресе арпаға деген сұраныс жоғары. Біз алдағы үш айда жоғары қарқынмен жұмыс істеп, жазда бір айға жөндеуге жабыламыз. Тамыз айынан бастап жаңа маусымды бастап кетеміз. Биыл да астықты шетелге тасымалдауда жоғары көрсеткішке ие боламыз ба деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы