378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда Қазақстанның жаңа инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

  • 169
Түркияда Қазақстанның жаңа инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Түркиялық кәсіпкерлер Қазақстанмен экономикалық байланысты нығайтуға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиһаз өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен баламалы энергия салаларына басымдық беріледі. Анкарада «Қазақстан-Түркия экономикалық қатынастар мен екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» атты жиын өтті. Шараға Түркияның 100-ден астам іскер топ өкілдері қатысты. Кәсіпкерлер еліміздің инвестициялық мүмкіндігін жоғары бағалап, салықтық жеңілдіктерге қызықты. Сондай-ақ ағылшын құқығы нормалары негізінде жұмыс істейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығы да назардан тыс қалмады.

Хикмет Эрен, Еуразия экономикалық қарым-қатынастар қауымдастығы басшысы:

– Қазақстан – Еуразия құрлығының қақпасы, күллі түркі жұртының бесігі. Біз үшін маңызы зор. Елдің тәуелсіздік алғанына 27 жыл толуына қарамастан, қазірде оны төрткүл дүние жақсы таниды. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алуы мен қазба байлықтарының әртүрлілігі де әлем назарын өзіне аударып отыр. Түрік елі де – кәсіпкерлер, өндіріс саласы мен инвесторларға бай ел. Іскерлеріміз бірқатар мемлекетке инвестиция салған. Бүгінгі шараның да мақсаты – екі бауырлас елдің мүмкіндіктерін оңтайландыру.

Хабар 24 телеарнасы