378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде электронды сауданың жол картасы жасалады

  • 92
  • UPD: 12:46, 14.05.2019
Елімізде электронды сауданың жол картасы жасалады

Үкіметте электронды сауданы дамыту мәселелері қаралды.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, 2025 жылға қарай қазақстандық интернет алаңдардағы сатып алынған заттар көлемі 2 трлн теңгеден артып, жалпы бөлшек сауданың 25% құрайды. Электронды сауданың экономикаға мультипликативті әсері 2025 жылға қарай ЖІӨ-ге жыл сайынғы салымды 1,1% деңгейінде болжауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде алты жылда 300 мыңнан астам жұмыс орнын ашу мүмкіндігі туады. Осы ретте Үкімет басшысы Асқар Мамин электронды коммерцияны дамытудың арнайы жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы