378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Х. Эрен: Н. Назарбаевтың есімі тарихта сақталады

  • 137
  • UPD: 13:45, 30.05.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі тарих сахнасында мәңгілік алтын әріптермен сақталады.

Түркиядағы «Эко-Еуразия» экономикалық бірлестігінің басшысы Хикмет Эрен осындай пікірде. Оның айтуынша, Елбасы бірқатар халықаралық интеграциялық ұйымның негізін қалап, әлем саясатына өшпес үлес қосты. Бір аптаның ішінде екінші халықаралық мәртебенің берілуі бұған дәлел. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің көп векторлық саясаты алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер санын арттырып, өзара байланыстарды нығайтады.

Хикмет Эрен, «Эко-Еуразия» экономикалық бірлестігінің басшысы:

– Нұрсұлтан Назарбаевқа тек қана Қазақстан халқы ғана емес, Еуразия құрлығы мен бүкіл түбі бір түркі жұрты құрмет көрсетіп, мақтан етеді. Ол – әрбір берілген атақ пен дәрежеге лайықты тұлға. Өйткені Еуразия кеңістігіндегі ірі жобалар мен маңызды шешімдер Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асты. Саяси басшы ретінде, көршілес мемлекеттер мен туыстас халықтардың интеграциясына өшпес мұра қалдырды. Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы ретінде алдағы уақытта басқа да халықаралық қоғамдастықтар мен елдермен байланысын арттыратыны сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы