384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық фермер БҰҰ грантын су қоймасын реттеуге жұмсайды

  • 338
  • UPD: 19:51, 11.06.2019

Қарағандылық фермер Тілеуқабыл Есенбек Біріккен ұлттар ұйымының «Даму» бағдарламасы арқылы грант жеңіп алды.

Енді бұл қаржыға үш жыл бұрын көктемгі тасқын бұзып кеткен су қоймасын қайтадан қалыпқа келтірмек. Жоба жүзеге асқан кезде осы маңда су тапшылығын көріп отырған шаруашылықтардың шырайы кіреді. Мамандардың айтуынша, қазір облыс аумағында қараусыз қалған су қоймалары әлі де бар. Олардың мәселесі қалай шешіледі? Өңірдегі тілшіміз Ардақ Асылханұлы баяндайды. 

Бұл Сақалбайдың тоғаны соғыс жылдарынан кейін салынған. Қазір заңды құжаты жоқ, яғни, иесіз. Фермердің айтуынша, кезінде мұнда 200 мың текше метр су болған. Алайда үш жыл бұрын қашыртқысы сыр беріп, қыруар су далаға ағып кетеді. Соның салдарынан маңайдағы шаруалар қуаңшылық зардабын тартып отыр. Енді Тілеуқабыл Есенбек ақсақал халықаралық ұйымнан алған қайтарымсыз қаржыға су қоймасын қалыпқа келтіріп, құжатын заңдастырмақ.

Тілеуғабыл Есенбеков, Шет ауданы фермерлер қауымдастығының төрағасы:

- Кейінгі жылдары жүдеп кеткен жайылымдар көп. Ал алыстағы отгонға, жайылымдарға бұрыңғыдай емес, ешкімнің барғысы келмейді. Енді мынау іске асатын болса, мал суаруға да, көрші-қолаңдарға да, басқа фермерлерге, бәріне үлкен демеу ғой. Екіншіден, көрдіңіз ба, платина тұр, лиман. Соны көтеріп жіберіп, лиман жасау керек. Сол лиманның әр жағына аққан соң, жердің бетіне су жиналып, шөп жақсы өседі.

Шалғайда жатқан шаруашылықтың бұл бастамасын табиғатты қорғау мамандары да құптап отыр. Себебі өңірде қараусыз жатқан су қоймалары әлі де бар. Оларды коммуналдық меншікке өткізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Қазір облыста ірілі-ұсақты 362 су қоймасы болса, соңғы 5 жылда соның тек 50-і ғана облыстық бюджет есебінен қалыпқа келтіріліпті.

Әсет Тазабеков, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Су қоймаларын қалыпқа келтіруге 96 миллион қаражат бөлінген. Былтыр біз 31 су қоймасын қалыпқа келтірдік. Қиын жағдай, бәрін қалыпқа келтіруге 1-2 жылда. Бүгінгі күні айтсақ, бізде қазір 3 су қоймасы бар иесіз деп айтамыз енді.

Шет ауданындағы фермерлер қауымдастығының төрағасы Тілеуғабыл Есенбековтің бұл алғашқы жобасы емес. 15 жыл ішінде ол қаншама игі істі қолға алды. Мәселен, өткен жылы осы төңіректегі оншақты бұлақтың көзін ашып, маңайын қалыпқа келтірген. Осылайша табиғатты қуаңшылықтан сақтап, мал шаруашылығын дамытуға ерекше үлес қосты.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы