382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында трансұлттық компаниялардың өндіріс орындары салынып жатыр

  • 143
  • UPD: 21:52, 14.06.2019

Алматы облысында жалпы құны 164 млрд теңге болатын 9 трансұлттық компанияның құрылысы жүріп жатыр.

Соның үшеуі биыл іске қосылмақ. Сөйтіп, соңғы үлгідегі техникамен жабдықталатын өндіріс орындарында 2 жарым мың адам тұрақты жұмыс істейтін болады. 

Іле ауданындағы мына зауытта жылына 100 мың тонна техникалық май шығарылады. ТМД мемлекеттеріндегі теңдесі жоқ өндіріс орны толықтай автоматтандырылған. Бұнда сұйықтықтың 700ден астам түрі дайындау көзделген.

Андрей Матюхов, өндіріс орнының бас директоры:

- Зауыт өнімі Қазақстанның ішкі нарығымен қатар, көршілес жатқан мемлекеттерге де экспортталады. Яғни Орта Азиядағы елдер мен  Моңғолия және Қытайға жіберіледі. 

Қара күзге дейін іске қосылатын тағы бір зауыт Кербұлақ ауданында орналасқан. Қазақстан мен Сингапур арасындағы бірлескен жобаның құны 50 млрд теңге. Өндіріс орны жылына 1млн 200 мың тонна цемент шығарып, өңірдегі тауар бағасын тұрақтандыруға ықпал етеді. 

Диас Жармағамбетов, өндіріс орнының басқарушысы:

- Құрылыс жұмыстарының 75 проценті аяқталды.Зауыт аяқталғанда 300 жергілікті тұрғын жұмысқа алынады. Олар шетелге оқу курсынан өткізіледі.Бұл зауыт жылына 3 млрд теңге салық төлейді.

Жазиралы Жаркент өңіріндегі жүгері қабылдайтын зауыттардың саны биыл тағы біреуге артады. Арнайы экономикалық аймақтағы бұл нысан дәнді-дақылды кептіріп, сақтауға мүмкіндік береді. Қажет жағдайда вагондарға тиеп, темір жол арқылы жөнелте алады.  

Балжан Аманжолова, өндіріс орнының директоры:

- Біздің қазіргі қоймамызға 15 мың тонна өнім сияды. Сонымен қатар біз жылына 60 мың тонна құрама жем шығара аламыз. Алдағы уақытта тағы 6 нысан салып, өндіріс көлемін тағы 15 мың тоннаға  арттыратын боламыз.

Алматы облысында инвесторлардың қаржыландыруымен 22 жоба жүзеге асып жатыр.Жалпы құны 1 трлн 200 млн теңгеден асатын өндіріс орындары іске қосылғанда 5 мыңнан аса адам тұрақты жұмысқа орналаспақ.  

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы