387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында дәрігерлер жалақысы өсті

  • 419
  • UPD: 20:59, 10.07.2019
Маңғыстау облысында дәрігерлер жалақысы өсті

Маңғыстау облысындағы дәрігерлердің жалақысы 230 мыңға жетті. «Нұр Отан» партиясының кезекті сьезінде берген Елбасы тапсырмасына орай 1 маусымнан бастап, медицина қызметкерлерінің ай сайынғы табысы 15-тен 30 процентке дейін өсті.

Көбейген еңбекақы аймақтағы 1600-ге жуық дәрігер мен 4 мыңнан астам медбикеге берілді. Мәселен, оқу орнын жаңа бітірген жас маман 80 мың теңге, ал, тәжірибелі дәрігерлер 200 мың теңгеден аса айлық ала бастады. Аймақта медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі жүріп жатыр. Былтыр өңірге 141 жас маман келген. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша оларға пәтер алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіш  көлемінде несие және 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы көтерме қаражат берілді. 3 маман үймен, оншақты дәрігер жатақханамен қамтылды.

Дина Омарова, №1 қалалық емханасының дәрігері:

- Көптен күткен қуанышты жаңалығымыз еді. Айлығымыз көбейіп, қуанып жатырмыз. Мәселен, мен мамыр айында 75 мың теңге алушы едім, осы айда қолыма 110 мың теңге түсті.

Нұрсұлу Мұхамбетиярова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы: 

- Бүгінгі таңда медициналық мекемелерде қызметр көрсететін дәрігерлерге, орта буын медициналық қызметкерлерге және кіші буынды медициналық қызметкерлерге 30 пайызға жалақылары көтерілді. Медициналық мекемелерде бұдан да басқа қызметкерлер жұмыс жасайды. Оның ішінде жүргізушілер бар, оның ішінде техниктеріміз бар, солш салада жұмыс жасап жатқан. Олардың жалақылары, ең төменгі мини малды 15 пайыз, ең жоғарғысы 30 немесе 30-ға дейінгі.

Хабар 24 телеарнасы