389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысынан мыс қоры көп шоғырланған жер табылды

  • 273
  • UPD: 09:07, 13.07.2019

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жаңа мыс кеніші ашылуы мүмкін.

Мамандар учаскеде орташа дәрежелі мыс қоры көп шоғырланғанын анықтаған. Олар геофизикалық зерттеудің елімізде бұрын-соңды болмаған технологияларын қолдана отырып, барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір мамандар жерүсті электрлік барлау жұмыстарын әлемнің озық үштігіне кіретін канадалық компанияның технологиясы бойынша жүзеге асыруда. Геофизикалық қондырғылар бұрын 400 метр тереңдікке дейінгі кенді анықтауға қауқарлы болса, қазіргі заманауи жабдықтар 700-800 метрге дейін сараптама жасап береді. Кен шоғырланған аумақтың құрылымын, оның неше градуста жатқанын, бұрғылауды жүргізудің тиімді тұстарын нақты білуге көмектеседі. Бүгінде елімізде мұндай геофизикалық жұмыстарды отандық кішігірім компаниялар атқарады. Қазір облыс төңірегінде осындай меемелердің қатысуымен 50 астам жоба қолға алынған. Егер зерттеліп жатқан аумақтан миллион тонна кен қоры анықталса, ашық әдіспен мыс өндіру кәсіпорыны ашылады.

Ғалым Нұржанов, геологиялық барлау компаниясының бас директоры:

- Қазір мысалы, квадракоптермен, пилотсыз ұшақтармен 1 айдың ішінде магниттеуді, электробарлау жұмыстарын бітіріп тастауға болады. Сосын ары қарай 10 күн ішінде сараптамасы жасалады. Сосын біздің бұрғылаушы бригадаларымызға нүктелерін белгілеп береді қай жерде ұңғымаларын жасайтынын. Сонда қарап тұрсаңыздар 40 күннің ішінде біз біраз жұмыстарды жасап тастаймыз.

Хабар 24 телеарнасы