387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2022 жылға қарай отандық 102 кәсіпорын цифрлық жүйеге көшеді

  • 119
  • UPD: 17:26, 23.08.2019
2022 жылға қарай отандық 102 кәсіпорын цифрлық жүйеге көшеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық даму мәселелері жөніндегі кеңес өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында президент бұдан былай қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа саудалау ісіне басымдық беру қажеттігін қадап айтты. Осы мақсатта Сауда және интеграция министрлігінің құрылғаны белгілі. Зауыттардың технологиялық тұрғыда қайта жабдықталуы үшін мемлекеттік гранттардан бөлек, жеңілдетілген несие де берілмек. Сөйтіп, 2022 жылға қарай отандық 102 кәсіпорын цифрлық жүйеге көшеді. Бірақ индустрияландыру бағдарламасы аясында қолдау көрсетілген өндіріс ошақтарының арасында толық қуатта жұмыс істемей тұрғандары немесе мүлдем жабылып қалғандары бар. Президент жаңа кәсіпорындарды іске қосар кезде осы мәселені елеп-ескеру қажеттігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бізге ұдайы дамып отыратын әрі жаңа технологияларға негізделген мықты өнеркәсіп қажет. Ол өз кезегінде жаһандық, соның ішінде өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Қазір әлемде баға саясаты нашарлап, сауда соғысы өршіп, жалпы қарама-қайшылықтар көбейген тұста бәсекелестіктің күшейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін экономикадағы құрылымдық өзгерістер бойынша туындаған мәселелерді бизнеспен жан-жақты талқылау қажет.

Хабар 24 телеарнасы