387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2023 жылға дейін кіші және шағын бизнес өкілдері табыс салығынан босатылады

  • 197
  • UPD: 17:44, 02.09.2019
2023 жылға дейін кіші және шағын бизнес өкілдері табыс салығынан босатылады ru.freepik.com

Бүгін Президент Жолдауында айтылған негізгі көрсеткіштерге тағы бір мәрте тоқталайық.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жылда экономиканың тұрақты өсімін 5 процентке және одан да жоғары нәтижеге жеткізу міндеті тұрғанын айтты. «Қазір Қазақстанның жалпы ішкі өнімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды», деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, еліміздегі еңбек өнімділігін кем дегенде 1,7 есе арттыру көзделіп отыр.

Сондай-ақ жолдаудан кәсіпкерлерге айрықша көңіл бөлініп отырғанын аңғаруға болады. Мәселен, 2023 жылға дейін микро және шағын бизнес өкілдері табыс салығынан босатылады. Алдағы 3 жылда шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге тыйым салынады. Енді кәсіпкерліктің қанат жаюына кедергі келтіру мемлекетке қарсы жасалған қылмыс ретінде қарастырылады. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесі қайта қаралып, заманға сай жаңғыртылады.

Бұдан бөлек келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін де еске салды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қазақстан халқына жолдауы кезінде жерді сату мәселесіне де тоқталды.

«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», – деді ол.

Мұның алдында ҚР Президенті қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі жеткенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажеттігін айтты.

Елімізде браконьерлерге қатысты заң қатаңдатылады. Президент елімізде браконьерлердің тамыры тереңге жайылғанын атап өтіп, Үкіметке 2 ай ішінде тиісті заң жобасын күшейтуді жүктеді.

Президент азаматтардың көпшілігі жұмыстан жалтарумен немесе қосымша табыс көздерін жасырумен келетінгін де айтты.

Мемлекет басшысы жолдауының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы