387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында шығарылған өнімдер көлемі 4 трлн теңгеден асты

  • 117
  • UPD: 14:25, 05.09.2019

Мұнайлы әрі ірі өндірісті өлке Атырау облысының кәсіпорындары өндірген өнім көлемі соңғы алты айда 4 триллион теңгеден асты.  

Ауыл шаруашылығы саласындағы ішкі жалпы өнім көлемі де біртіндеп өсіп келеді. Ал облыстағы әлеуметтік саланы дамытуға өткен 9 айдың өзінде 112 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып отырған аймақтардың бірі Атырау облысы екендігі анық.  Мұнайлы өлкенің өзіндік бюджетін бөлуде ең алдымен әлеуметтік салаға басты басымдық беріледі.  Бұл мектеп, балабақша, медициналық мекемелер, мәдениет және спорт саласына арналған ғимараттарды  жаңадан салу мен асфальт жол құрылысы. Сонымен қатар тұрғындарды таза ауыз су және көгілдір отын желісімен қамтамасыз ету жобалары бірінші кезекте тұр.   

Өмірзақ Зинуллин, облыстық мәслихаттың хатшысы:

- Бүгінгі күнге облыстық бюджеттің 42 пайызы бұл әлеуметтік салаға жұмсалып отыр. Енді осы бюджеттік қаржыны тиімді және уақытында пайдалану үшін облыстық мәслихаттың 3 рет сессиясы өткізілді. 3 рет нақтыланып үнемделген қаржылар жаңағы қажетті жұмыстарға жұмсалып отыр. 

Өңірдегі қарышты дамып жатқан саланың бірі құрылыс.  2018-19 жылдары 9 мектеп ғимараты қолданысқа берілді. Ал 2020 жылға дейін тағы 11 жаңа білім ордасы салынады. Бұл жоспар бойынша алдағы екі жылда аймақтағы апатты мектептер мен үш ауысымдық оқыту жүйесі және балабақша тапшылығы жойылуы тиіс. Сонымен қатар қазір қала орталығында дәрігер, мұғалім, бюджеттік сала және аз қамтылған отбасылар үшін 77 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ал Атырау щаһарының бас  жоспарына сәйкес тағы бір серіктес қала салынып жатыр. Бұл қала балабақша, аурухана, тұрғындарға арналған демалыс орталықтары секілді бар қажеттілікпен қамтылады.

Нұрлыбек Сақпаров, облыстық құрылыс басқармасы, құрылыс бөлімінің басшысы:

- Қазір «Талғайраң» елді мекенінде 1400 гектар жер беріліп алдымыздағы жылдары мұнда 430 көп қатарлы үйдің құрылысы жүргізіледі. Бүгінгі күні 24 көп қабатты үйдің қазір құрылыс жүріп жатыр.  

Халық үшін маңызды саланың бірі жол-көлік қатынасы. Облыста былтырғы жылы 300 шақырымға жуық қала, аудан, ауыл көшелері мен ішкі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал көптеген жылдар бойына облыстың көлік-логистикалық саласын  дамытудағы  басты проблемасына  айналған «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолындағы құрылысқа биыл жан бітті. 300 шақырымға жуық Ресей шекарасы мен Атырауды қосатын және осы арқылы ұзындығы 500 шақырым болатын «Атырау-Ақтөбе» автожолының құрылысы Президент тапрсымасына сәйкес 2021 жылдың аяғына дейін аяқталуы тиіс. Жоспарға сәйкесі биыл Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданы аумағынан басталған  60 шақырымдық жол құрылысы жүріп жатыр, қалған бөлігіне де жеткілікті қаржы бөлінді. 

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының  депутаты:  

- Осы жолдың келесі 120 километрінің мәселесі толықтай шешімін тапты. Аталған жол 2 лотқа бөлінген. Бұл жолдың бас мердігерлік компаниясы нықталып, қаржылық тұрғысынан толықтай шешімін тапты.   

Облыстық және республикалық бюджеттен бөлінетін ақшаны үнемдей отырып, артылған қаржыны ең қажетті деген салаларға бөлу мақсатты түрде жүргізіліп келеді. мәселен атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар үшін биыл 4,2 млрд теңге қаржы қарастырылды. Сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған, толық емес және мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрғын үй сертификатын беру қағидасы бойынша 1 млрд теңге бөлінді. ӨҚткен 9 айдың өзінде әлеуметтік слааға 113 миллиард теңге бөлінді. Оның 77 миллиарды білім беру, аурухана, мектеп, балабақша, мәдениет және спорт саласына қарастырылса, тек халықтың әлжуаз тобы әлеуметтік қорғау мақсатында а 9  миллиард теңге бөлінді. Ал еліміздегі көмірсутегі шикізатын өндіру және өңдеу саласы бойынша 60 проценттік көрсеткішке ие олып отырған аймақ бұл жағынан республикамыз бойынша көшбасшы болып қала бермек.  

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы