384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте Орталық Азия сауда форумы өтіп жатыр

  • 282
  • UPD: 12:21, 12.11.2019

«Жеміс-көкөніс секторындағы инновациялық және инвестициялық тәсілдер». Шымкентте осы тақырыпты ту еткен тоғызыншы Орталық Азия сауда форумы өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Оған әлемнің 20-дан астам елінен мыңға жуық өкілдер келді. Форум жұмысында жаңа технологиялар, инвестициялық мүмкіндіктер мен сауда ынтымақтастығының болашақтары талқыланауы тиіс.

Нұрбек Байбосын, тілші:

– Сауда форумы - Орталық және Оңтүстік Азиядағы, сондай-ақ басқа да аймақтардағы сауда-саттықтың даму мәселелерін талқылау үшін мүмкіндік беретін алаң. Екі күн ішінде, яғни мыңға жуық қатысушы пленарлық сессияларға, шеберлік сабақтарға, дөңгелек үстелдерге, сауда көрмесіне, іскерлік кездесулерге қатысатын болады.

Ауқымы кең халықаралық бизнес шараға қатысушылар Орталық Азия мен оның аумағынан тыс жердегі жеміс-көкөніс секторындағы түрлі инновациялық тәсілдермен танысуда. Ал өнімділікті жоғарылату, түрлі технологиялық үрдістерді пайдалана отырып, инвестиция тарту жайын көпшілікке Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері түсіндіруде. БҰҰ Даму бағдарламасының мамандары аймақтағы органикалық өнімді өндіру барысын баяндайды. Негізгі сауда форумының өтуіне ұйытқы болып келе жатқан АҚШ Халықаралық даму бойынша агенттігінің Орталық Азиядағы бәсекелестік, сауда және жұмыс орындарын ашу жобасы. Бизнес форумның Шымшаһарда өтуі де тегін емес секілді. Себебі Шымкент аймақтық ірі экономикаларды қосатын маңызды хаб болып табылады. Әрі өңірлердің тауарларды тасымалдау үшін транзиттік торап қызметін де атқара алады.

Форумның екінші күнінде қатысушылар Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесіне қатысады деп жоспарлануда. Онда олар ауыл шаруашылық техника, жабдық, жеміс-көкөніс өнімін өндіру бойынша жаңа технологиялар мен танысатын болады.

Хабар 24 телеарнасы