418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сұлтанов: Тауарларды шекара арқылы өткізу коронавирустың таралуына әсер етпейді

  • 630
  • UPD: 15:15, 04.02.2020
Б.Сұлтанов: Тауарларды шекара арқылы өткізу коронавирустың таралуына әсер етпейді inbusiness.kz

ҚР Үкіметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда шекаралары әдеттегі қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

«Тауарлар айналымы вирустың таралуына әсер етпейді, сондықтан бүгінгі таңда тауарлардың жеткізілуіне шекара ашық. Қол қойылған келісімшарттар жұмысын жалғастыруда. Басты айта кетерлігі, Ухань бойынша шығын жоқ. Қытайлықтар тегін павильондарды ұсынды, онда біздікілер өз өнімдерін қойды. Қытайға жеткізілген тауарлардың барлығы сатылды. Қазіргі таңда жаңа жеткізілімдер туралы мәселе қарастырылуда», – деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, Қытай импортының үлесі тек 0,1% құрайды. Егер Қытайдан Қазақстан нарығына тауарлар жеткізу тоқтатылса да, бұл өнімнің бағасын құруға еш әсер етпеуі тиіс. 

Сауда және интеграция министрі осы жылдың қаңтар айында бағалардың 0,3%-ға маусымдық өсімі байқалатынын атап өтті. Сонымен қатар ол өткен жылдың қаңтар айындағы көрсеткішке қарағанда 2 есе аз. Егер астықтың жеткілікті көлемде шықпай қалуы мен экспортқа байланысты барлық объективті факторларды шектесе, онда баға өсімінің себебі – бағалардың мониторингі және жедел шаралар қабылдау бойынша әкімдіктердің жеткіліксіз жұмыс істеуі. Өткен жылы барлық өңірлерде шекті бағадан асып түскен 67 жағдай тіркелген.

«2019 жылы монополияға қарсы орган 198 хабарлама жіберді, оның ішінде 83-і – сауда желілеріне. Оның 182-сі орындалды, оның 75-ін сауда желілері орындады. Бұл бағаның өсуін біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Өсім тек 0,1% көлемінде тіркелді, бұл өткен жылдарға қарағанда біршама аз. Жергілікті атқарушы органдар жүйелі түрде жұмыс істеуі қажет, әкімдер өндіріс пен тұтыну теңгерімін талдау бойынша, өңірлер арасындағы айналым бойынша белсенді жұмыс істеп, кәсіпкерлерге тікелей байланыс орнатуға көмектесуі қажет», – деді министр.

Б.Сұлтанов осындай баламалы құралдардың бірі «айналым схемасы» деп аталатын жеңілдікті қаржыландыру арқылы бағаны ұстап тұру міндеттемелерін қабылдау бойынша сауда желілерін ынталандыру тетігі болып табылатынын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы