428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» қоры импортты алмастыру мәселесіне білек сыбана кірісті

  • 686
  • UPD: 23:36, 21.02.2020

«Самұрық-Қазына» қоры импортты алмастыру мәселесіне білек сыбана кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аранайы бағдарлама аясында компания мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында меморандум жасалды. Яғни, тараптар өңірде жаңа өндірістерді ашуды ынталандыруға және әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға келісті. Қор басшысы Ахметжан Есімов импорт алмастыру бағдарламасы мен «оффтейк-шарттар» механизмі аясында жаңа өндірістер құруды қарастыратын жобаларға көмек көрсетуге әрқашан дайын екенін атап өтті.Қазірдің өзінде осы мақсатта 27 жоба мақұлданды. Салынған инвестиция көлемі 215 миллиард теңгені құрайды және осының арқасында 600-ден аса жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы