448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі зауытта былтыр 120 мың автокөлік құрастырылды

  • 126
  • UPD: 21:25, 27.02.2020

Өскемен автозауытында былтыр 120 мың жеңіл көлік құрастырылды. Сондай-ақ отандық автоөндірушілер өткен жылы көліктердің жеті жаңа моделін жасақтаған.

Соңғы үлгідегі технологияның  арқасында ол көліктерді  алыстан смартфон арқылы оталдыруға болады. Көліктің  техникалық жағдайын да бақылап отыруға мүмкіндік жасалған. Осындай ноу-хаудың арқасында отандық автоөндіріс 15 процентке өсті.

Анатолий Седченко, автоқұрастыру зауытының бөлім басшысы:

- Смартфонға орнатылған арнайы қосымша арқылы көлікті басқару өте қолайлы. ТМД елдері бойынша біз бұл технологияны зауыттың өзінде бірінші болып енгіздік. Бәрі де көлік иелері үшін қолайлы болу  керек.

Хабар 24 телеарнасы