412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арнайы мониторинг: Қостанай облысында 62 млн теңге бюджет қаржысы үнемделді

  • 138
Арнайы мониторинг: Қостанай облысында 62 млн теңге бюджет қаржысы үнемделді

Қостанай облысында мемлекеттік сатып алу желісінде жүргізілген арнайы мониторинг біраз жайдың бетін ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, қажетсіз заттарға тапсырыс беру немесе бағасын асырып көрсету жайттары анықталып отыр. Нәтижесінде 62 миллион теңге бюджет қаржысы үнемделді. Бір ғана «Кинобейне қоры» мекемесі сый-кәделер сатып алуға 25 миллион тенге сұратқан. Ал сараптама қорытындысы оған небәрі 900 мың тенге жеткілікті екендігін көрсетті. Қостанай қалалық ауруханасы да қажетті заттар құнын 2 миллион теңгеге асыра бағалаған. Мониторинг тобы мемлекеттік сатып алу сайтындағы және нарықтық бағаны салыстыра отырып, осындай көптеген сәйкессіздікті анықтады.

Рүстем Болат, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

– Мемлекеттік сатып алу желісінде мониторинг жасау өзінің сыбайлас жемқорлықты алдын алудағы тиімді механизмдердің бірі ретінде көрсетті. Бұл ең алдымен бюджеттік қаражатты үнемдеудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін жоққа шығарады. Аталған фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік органдарға немесе квазимемлекеттік ұйымдарға осы тәуекелдерді жою бойынша арнайы хат жолданады.

Хабар 24 телеарнасы