418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Қытайға түйенің құрғақ сүтін экспорттай бастады

  • 305
  • UPD: 15:32, 16.06.2020

Қазірдің өзінде Ланьчжоу қаласына 3,5 тонна кептірілген шұбат жеткізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрші елде «Қазақстанда жасалған» өзге де өнімдерге сұраныс артып келеді.

Кептірілген шұбат Қытайға бір аптада жеткізілді. Аздап кідіруге тура келген. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Мамандар тауарды жіті тексерді. Сөйтіп елге кіргізуге рұқсат берді.

Чжан Шэнфэн, сауда-инвестициялық компания директорының көмекшісі:

– Қазақстаннан 3,5 тонна құрғақ шұбат жеткізілді. Түйе сүті адам ағзасын пайдалы. Иммунинетті көтереді. Бұрын ғаламтор арқылы тапсырыс беретін едік. Ал қазір тікелей алдырып отырмыз.

Қазір Қытайға «Қазақстанда жасалған» 18 тауар түрі жеткізіледі. Былтыр олар құны 150 млрд доллар болатын өнім алдырған. Көрші мемлекет астық өнімдеріне және біздің елде өндірілген қой етіне тапсырыс беріп отыр. Сол тізімге шұбат та қосылды.

Бауыржан Бакшилов, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар қауымдастығының төрағасы:

– Қазір Қытайда қазақстандық өнімдерді сататын бір ғана сауда үйі бар. Жақын күндері екіншісін ашамыз. Екі ел үкіметі осындай келісімге келді. Біз қазір Қытайға нарықта жоқ тауарларды жеткізуді көздеп отырмыз.

Қытайда Қазақстанда шығарылған шай, күнбағыс майы және шоколод сатылады. Ондағы дүкен сөрелерінен біздің елде дайындалған ұнды да көре аласыз.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Ботагөз Сырғабаева

Хабар 24 телеарнасы