423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақтелеком» акцияларының бір бөлігі зейнетақы қорына сатылады

  • 325
  • UPD: 18:18, 17.06.2020

«Қазақтелеком» акцияларының 10 проценті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамына сатылады.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Айтуынша, бұл мемлекеттің стратегиялық салада қатысуын сақтап ғана қоймай, салымшылардың қаражатына кепілдік береді. Сонымен қатар келесі жылдан бастап жекешелендірілетін ірі активтердің ішінде «Қазпошта» мен «Самұрық Энерго» бар. Ал 2022 жылы «Air Astana» мен «Qazaq Air», сонымен бірге «Самұрық-Қазынаның» тау-кен компаниясы, 2023 жылы «Қазақстан темір жолы» жекеге өтеді.

Алмасадам Сәтқалиев,  «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры:

- БЖЗҚ біздің алғашқы екі IPO-ны орналастырудан 32 миллиард теңге пайда тапты. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры келесі орналастыру бойынша да белсенді қатысты. Оның өтініштерінің бір бөлігі қанағаттандырылды. Нарықтық капиталдандырудың өсуін, дивидендтерді төлеуді күтеміз, әрине бұл жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы