421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШОБ-тың айналым қаражатын толтыруды Ұлттық банк жүзеге асырады

  • 143
  • UPD: 00:30, 03.09.2020

Ұлттық банк шағын және орта бизнеске арналған айналым қаражатты толтырудың арнайы бағдарламасын жүзеге асырады. Оның қызметі биыл аяқталады деп жоспарланған еді. Қазіргі дағдарыс жағдайын ескере отырып, Президент Жолдауында бағдарламаны 2021 жылдың соңына дейін созуды және кеңейтуді тапсырды. Бұл мақсатқа қосымша 200 миллиард теңге бөлінеді. Сөйтіп бағдарлама қаражатының жалпы көлемі 800 миллиард теңгеге жеткізіледі. Қолдауға кімдер ие бола алатынын Ұлттық банк төрағасының орынбасары айтып берді.

Есжан Біртанов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

- Бұл бағдарламаға кіші және орта кәсіпорындар қатыса алады. Бұлардың өтінімдерін біз қарастырамыз. Олар 12 банк арқылы қарастырылады. Бұл бағдарлама бойынша қазір 2207 кәсіпорын бізге қолдау үшін өтініш берді. 536 миллиард теңгені құрайды. Оның қазіргі таңда 1279 кәсіпорынға қаржыландыру жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы