428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ойын-сауық орталықтары 50% табысынан айырылған

  • 171
  • UPD: 15:22, 25.09.2020
Ойын-сауық орталықтары 50% табысынан айырылған

Індет тағы өршіп, қатаң карантиндік шектеулер енгізілсе, отандық бизнес тұралап қалуы мүмкін. Әсіресе қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың 30 проценті банкрот болады.

Қазірдің өзінде кинотеатрлар мен ойын-сауық орталықтарының табысы 50-60 процентке азайған. Ел бойынша 200 мыңнан астам бизнес субъектісі әлі күнге жұмысын бастай алмай отыр. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық  кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

Айтуынша, Президент тапсырмасымен кәсіпкерлерді салықтан босату және тексеруге мараторий жариялау жағдайды сәл де болса жеңілдеткен. Қазір бизнеске 5 бағыт бойынша көмек көрсетіліп жатыр. Мемлекет басшысы өз Жолдауында 700 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдік жаслағанын айтты. Көбінің несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді. Сондай-ақ бұған дейін алынған кредитті төмен процентпен қайта қаржыландыру мүмкіндігі жасалды.

Хабар 24 телеарнасы