422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Люксембург-Қазақстан арасындағы сауда айналымы нығая бастады

  • 64
  • UPD: 16:40, 17.11.2020
Люксембург-Қазақстан арасындағы сауда айналымы нығая бастады

Люксембургтен Қазақстанға салынған тікелей инвестиция көлемі соңғы 15 жылда 1 млрд 400 млн долларға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал екіжақты сауда айналымының көлемі соңғы сегіз айда 1 млрд 600 млн доллар болды. Қазір елімізде люксембургтік капиталдың қатысуымен 170-тен астам компания жұмыс істейді. Бұл туралы Люксембургте өткен «Қазақстан – үлкен мүмкіндіктер елі» инвестициялық вебинарына қатысушылар мәлімдеді. Осы елдегі Қазақстан елшілігі мен Люксембург сауда палатасының ұйымдастыруымен онлайн конференцияға екі елдің үкіметтік және іскер топтары қатысты.

Асқар Шоқыбаев, ҚР СІМ инвестиция комитетінің төрағасы:

– Орталық Азияда бизнес жүргізу үшін ең қолайлы жағдай Қазақстанда жасалған. Елде 13 арнайы экономикалық және 23 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Оларда салықтық жеңілдіктермен бірге өзге де артықшылықтар беріледі. Біздің еліміз бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын дамытуды көздейтін серіктестікке мүдделі.

Синди Тереба, Люксембург сауда палатасының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры:

– Қазақстан тәуелсіздігін ала салысымен екі ел арасында тығыз байланыс орнады. Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі қауымдастық қарым-қатынасты тереңдету үшін бар күшін салып келеді. Қазір арадағы сауда-экономикалық қарым-қатынас кеңейіп, түрлі салада тығыз ынтымақтастық орнаған. 

Хабар 24 телеарнасы